Танашева
Гаухар
Шаймерденқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Халық партиясы фракциясының «Қазақстанның жаңа экономикалық саясатындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік» тақырыбында дөңгелек үстелі

Жиын барысында қоғамның түрлі сала өкілдерімен кездесіп, еліміздің азаматтарының өмір сапасына қатысты өзекті мәселелерді талқыладық, оның ішінде тұрғын үй мәселесі де бар.

Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді алу үшін отбасылар 10-15 жылдар бойы кезекте тұрады. Үй сатып алғысы келетін адамдарға күрделі әрі ұзақ мерзімді рәсімдер айтарлықтай кедергілер тудырады: табыстың жоғары деңгейде болуы, міндетті зейнетақы аударымдарының болуы, тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болуы, қосалқы қарыз алушының болуы, басқа несиелердің болмауы және тағы да басқалары. Егер бұл азаматтар - аз қамтылғандардың қатарынан болса, табыстың қандай жоғары деңгейі туралы айтуға болады?!

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы ипотекалық бағдарламаларды қайта қарау және тұрғын үй сатып алудың баламалы тетіктерін енгізуді қарастыру қажет.

Image title