Танашева
Гаухар
Шаймерденқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Көлгіновке жолданған депутаттық сауал

2023 ж. «12»  сәуірде жарияланды                  Қазақстан Республикасы  

                                                                            Премьер-министрінің                         

                                                                            орынбасары
                                                                            А.С. Көлгіновке

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Алтай Сейдірұлы!

Әлеуметтік саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары: көпбалалы аналарды, толық емес отбасыларда бала тәрбиелеп отырған аналарды және дамуында ерекшелігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қолдау болып табылады.

Қазақстан Халық партиясының фракциясы өмір сүру сапасын одан әрі жақсартып, осындай отбасыларды қолдау деңгейін көтермейінше, біз мынадай жағымсыз салдарға тап боламыз деп санайды:

- бала туудың төмендеуі;

- ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу санының ұлғаюы;

- болашақта еңбек ресурсы тапшылығының туындауы;

- қоғамда әлеуметтік шиеленістің өршуі,  кедейліктің өсуі.

Көпбалалы отбасылардың басым бөлігі көбінесе қалыпты өмір сүру жағдайына бейімделмеген жалға берілетін бөлмелерде тұрады. Егер ипотека рәсімдеу мүмкіндігі болса, әдетте құрылыс сапасы төмен, эконом-санаттағы бір бөлмелі пәтер болады. Олар үшін мемлекеттік тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету тәжірибесі жоқ, ипотекалық несие берудің қолжетімді шарттары қарастырылмаған. Қомақты бастапқы жарна талап етіліп, жоғары пайыздық мөлшерлеме қойылады.

Мұндай отбасылар мемлекеттің қандай қолдауына үміт артады? Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) ме, объективті түрде қарасақ, ол да нақты көмек болып тұрған жоқ.

Қазақстан Халық партиясының фракциясы атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алып тастау қажет деп санайды, өйткені оны алу үдерісі күрделі түрде жүзеге асырылады.

Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) үміткер болу үшін жұмыс істемейтін аналарға жүздеген сынақтан өту керек. Әдетте әйелдер бюрократия мен мемлекеттік мекемелердің әуре-сарсаңынан салын суға жібереді. АӘК-ті алып тастау ең  жақсы шешім болмақ. Бұл жағдайда балаларға төленетін жәрдемақының мөлшерін арттыру қажет. Әр балаға нақты көлемде, жұмсауға жеткілікті мөлшерде бірыңғай жәрдемақы төлеген дұрыс. Біз ең төменгі жалақы мөлшерінде  әр балаға айына 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды қарастыруды ұсынамыз.

Мысалы, 4 балаға берілетін жәрдемақы 280 мың теңге, 2 балаға 140 мың теңге құрайтын болады. Қазіргі уақытта 4 бала 55 340 теңге жәрдемақы алады. Әр балаға айына 13 826 теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік қолдаудың ақылға қонымсыз мөлшері. Мұнда инфляцияның тұрақты өсуі, экономикалық тұрақсыз жағдай, тұрғын үйдің жоқтығы және халықтың осы санатындағы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылмағаны ескерілмеген.

Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал топтарына (көпбалалы аналар, толық емес отбасыларда бала тәрбиелеп отырған аналар және дамуында  ерекшелігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар) арналған жәрдемақыны қалыптастыру саясаты тұтастай алғанда халықтың осы санатының қажеттілігін қанағаттандырмайды.

Осы саладағы мемлекеттік мекемелер жүргізетін реформалардың барысы туралы толық ақпарат беруді, сондай-ақ АӘК және 18 жасқа дейінгі бірыңғай балалар жәрдемақысын есептеу әдістемесін қарауды сұраймыз. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында қандай шұғыл шаралар жоспарланды және қолданысқа енгізіледі?

Жауапты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жазбаша ұсынуды сұраймыз.

Құрметпен,

Парламент Мәжілісінің Депутаттары

          «Қазақстан Халық партиясы»

          фракциясының мүшелері                                     Г. Танашева

                                                                                             М. Магеррамов

                                                                                            И. Смирнова

                                                                                            Қ. Сейітжан                                                                                    

                                                                                            И. Сұңқар

«AMANAT» партиясы
фракциясының мүшелері
                                             Н. Сәрсенғалиев

                                                                                            Е. Әбдиев

«Ақ жол» партиясының мүшесі                                    Қ. Иса