Кездесуге Мәдениет және спорт вице-министрлері Е.М. Еркінбаев, С.А. Құранбек, аппарат басшысы Ж.С. Ахметов, Мәдениет комитетінің төрайымы Р.С. Кәрібжанова, Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.Қ. Борашев қатысты. Кездесу барысында министрліктің мәдениет, спорт, туризм және мұрағат салаларын дамытудағы негізгі перспективалары мен міндеттері, өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды.