Отырысты ашқан Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Қ. Аймағамбетов Мемлекеттік сатып алу ел экономикасының маңызды реттеуіштерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Мемлекеттік сатып алу арқылы бюджет қаражатын дұрыс жұмсау көп дәрежеде осы процестерді тиімді және кәсіби басқаруға байланысты болады. Отырысқа Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне мүше депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, облыстық білім және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт және мемлекеттік сатып алу басқармаларының өкілдері қатысты. Жиналыста: мемлекеттік сатып алу процесінде білім беру ұйымдарында кездесетін мәселелер туралы Қарағанды облысы білім басқармасы Шахтинск қалалық білім бөлімінің басшысы Н.Б. Онсович; білім беру саласындағы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелері мен мәселелерін шешу жолдары туралы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Қостанай қалалық білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебінің директоры А.С.Балтабаева; ғылым саласындағы мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директоры Е.О.Абдураимов; денсаулық сақтау саласында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша проблемалар мен шешімдер туралы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Н.М. Мұқажанова; Қазақстандағы театрлардың мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Г.А.Ахмедьяров; денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сатып алу және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу рәсімдерін жетілдіру мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Б.С. Есенбаев; өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы алдағы жаңалықтар туралы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д.М. Кеңбейіл сөз сөйледі. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Қ.Аймағамбетов отырыстың қорытындысын жасады.