Оған Мәжіліс депутаттары – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, өңірлік білім және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты.
Отырыста: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ж. Қ. Бүркітбаев – «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы; Қазақстан Республикасының Білім вице-министрі А. Б. Ілиясов – «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы; «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Г. Т. Малгаздаров - «Жайлы мектептерді салу және пайдалануға беру кезеңдері туралы»; ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Д. Сүлейменова сыныптарды және үш ауысымды мектептерді қайта жасақтау мәселелері, сондай-ақ ұлттық жоба шеңберінде салынған мектептерді салу сапасы мен уақтылы пайдалануға беру туралы сөз сөйледі.
Отырыс қорытындысын Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А. Қ. Аймағамбетов қорытындылады.