Отырысқа Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары-мүшелері, мәдениет және спорт, ағарту, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері, бас прокуратураның, жоғары аудиторлық Палатаның, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сарапшылар қатысты.
Отырыста: Мәдениет және спорт вице-министрі С. А. Құранбек мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды іске асыру туралы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің аға прокуроры Д. Ж. Әшірбеков мәдениет және спорт министрлігінде және жергілікті атқарушы органдарда балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды орналастыру кезінде заңдылықтың сақталуын тексеру нәтижелері туралы сөз сөйледі, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары Б. Х. Нарымбетов Аблалиев С.А. өңірлерде мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды іске асыру және орналастыру туралы, сондай-ақ «SoftDeCo» ЖШС Бас директоры Алабугин С. Г. және «Рухани Болашақ» жеке және заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Абдрахманова Л. К.
Отырыс барысында депутаттар мен жұртшылық өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, сындарлы ұсыныстар айтты.
Отырыс қорытындысын Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А. Қ. Аймағамбетов қорытындылады.