Толықбаев
Мақсат
Мәлікұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы




Құрметті Нұртай Салихұлы!

Құрметті әріптестер!


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімге 2022 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Анкарада сапары шеңберінде қол қойылды.

Келісімді ратификациялау Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтермен электрондық алмасу арқылы кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру және жүргізу мерзімдерін қысқарту мақсатында және кедендік бақылау рәсімдерін  оңайлату және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау нәтижесі ретінде жүргізіледі.

Заң жобасы қабылданса оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.

Заң жобасын талқылау жұмыс тобында әлі де жалғасатын болады.

Комитет мүшелерінің қарауына ұсынылған қорытындының жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.