Бүгін әріптесім Ерлан Саировпен бірген Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы құрылысы ұзаққа созылған гемотологиялық орталыққа бардық.
Гемотологиялық орталықты салу Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысы бірге болған кезде қолға алынған. Нысанды салудағы басты мақсат – Семей полигонынан зардап шеккен азаматтарды емдеу болатын. Ал қазір облыс екіге бөлінді. Нысанның құрылысының аяқталуы созылып кетті. Бұл мәселеге ат үсті қарауға болмайды. Халықтың ақшасы салынғаннан кейін нысан құрылысы аяқталып елдің игілігіне жұмыс істеуі тиіс.
Бұл орталық қан жүйесі мен кардио-тамыр жүйесі ауруларын диагностикалауға арналған. Бұл еліміздегі медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейін, нысан бірнеше корпусты қамтиды. Бас ғимаратта химиотерапия күндізгі стационары, балалар стационары, соматика, ересектер гематологиясы, кардиология және кардиохирургия, сондай-ақ сүйек кемігін трансплантациялау бөлімшелері болады. Сонымен қатар консультациялық-диагностикалық бөлімше де жұмыс істейді. Барлық құрылыс-монтаж жұмысы өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде.