Тұмашинов
Ұлықбек
Шабданұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аудандық жылу беру объектісі мен аурухананы аралау

Шығыс Қазақстан облысына сапарымыз барысында Алтай қаласындағы ауруханаға бардық. Ондағы қызметкерлердің тиянақты жұмыстарын  көріп,  риза болып, көңілімізден шықты.

Одан кейін Алтайдағы ТЭЦ-қа бардық. Еңбек ұжымымен кездесіп, жағдаймен таныстық. Осы жерде ризашылықпен айта кететін жағдай, ТЭЦ бірнеше жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп тұрса да, өте бір асқан ұқыптылық, жанашырлық бар екені байқалады. Тағы бір айта кететін мәселе - ол  ТЭЦ-те жұмыс істеп жүрген жұмысшылардың айлық жалақысын мұғалімдер, дәрігерлер сияқты қолдау керек деп санаймын.

Бүкіл тұрғындарды  ыстық сумен, жылумен қамтамасыз етіп, қаланың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген олар – нағыз мамандар. Сондықтан  да оларды  материалдық жағынан қолдау қажет.