Тұмашинов
Ұлықбек
Шабданұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитеттің кеңейтілген отырысы

2023 жылдың 4   сәуірінде   Мәжілістің Экономикалық реформа   және  өңірлік даму Комитетінің  8 шақырылым бойынша   алғашқы  кеңейтілген отырысы болып  өтті.

Отырыстың күн тәртібінде Үкіметтің жаңа құрамын, яғни  Комитетке қарасты үш  Министрліктің министр лауазымына тағайындау  үшін ұсынған  қандидатураларға  келісім беру  мәселесі қаралды.

Осы мәселелер  бойынша, менде  проблемалық  сұрақтарымды  ҚР Ұлттық экономика  министріне кандидатқа  келесі  мәтінде  қойдым:

- «ШҚО Қатонқарағай  ауданында бұрын 57 мың  адам қоныстанған болатын.  Қазіргі таңда   қосылған 2 ауданда  19000 адам тұрады.  Менің Сізге ұсынысым:

Қытай Халық Республикасымен шекаралас аудандар ҚР -7. Олар Қатонқарағай, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай, Зайсан, Үржар, Жаркент, Нарынқол аудандары. Осы аудандарға ерекше шекаралық аудан деп статус  берсек,  адаамдардың  осы аудандарда қалуы үшін ынталаныру шараларын шешсек, ол  дегеніміз:

Келесі сұрағым  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне кандидатқа арналды.

-«Омск- Майқапшағай  тас жолы алып тасталды. Қазір  Тарбағатай, Зайсан, Марқакөл аудандарына жол жоқ. Аталған аудандардың тұрғындары  Бұқтырма су қоймасы үстінен  жазда  паром қатынасымен, ал қыста мұз үстімен жүруге мәжбүр.  

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаетың тікелей тапсырмасымен қазіргі таңда Бұқтырма су қоймасы  үстінен 1,5 км көпір  салынуда,  құрылыс  қарқынды түрде жүріп жатыр. Егерде Үкімет тарапынан қаражат мәселесі дер кезінде шешілетін болса, ол көпір  2024 жылы қолдануға беріледі деп отырмыз, бірақ  бүгінгі күнде қаражат бөлінген  жоқ, егер  қаражат болмаса  қалай  бітіреміз? Осы сұрақтарға жауап берсеңіз?

         Өз  кезегінде  кандидаттар   сұрақтарыма жауап берді.

         Осылайша  Комитеттіің отырысы министр лауазымына кандидаттарға келісім  берілу арқылы өз жұмысын аяқтады.

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі   Ұ.Тұмашынов