Тұмашинов
Ұлықбек
Шабданұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілістің жалпы отырысында сұрақ беру

2023 жылдың 8 қарашасында  Мәжілістің жалпы отырысында     «Қазақстан  Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда  қаралып, мақұлданды.

          Отырыстың күн тәртібі аясында  осы Заң жобасы  бойынша  өз сұрағымды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкіліне келесі мәтінде қойдым.

         -Сәулет саласындағы  бақылау мен қадағалаудың тиісті  деңгейде жүзеге  асырылмайтындығында   бақылау  шараларын  қосымша  күшейтуді талап  ететін атап өткім  келеді.

         Бұған көптеген  мысалдар бар. Мәселен, жақында  Алматы  қаласында 16 қабатты үйде өрт  болды, онда өртке қарсы қауіпсіздіктің бірқатар  бұзушылықтары анықталды,  түтінге  қарсы қорғаныс  жүйелері істен  шыққан, апаттық шығу жолдары жоқ және т.б.  Салдарынан 43 адам зардап  шекті.

Осыған байланысты  тұрғын үй құрылысы саласында мұндай жағдайлардың алдын-алу  көзделген  шаралар  жеткілікті ме?

        

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі   Л.Тумашинов