«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы (бірінші оқылым)
Құрметті Ерлан Жақанұлы!
Құрметті депутаттар!
Заң жобасы тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.
Осы, Үкімет енгізген, заң жобасында:
Біріншіден, жекелеген санаттардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға «бірінші кезектегі құқығын» алып тастау ұсынылып отыр. Бұл – халықтың әлеуметтік осал топтарының 4 санатының құқығына қатысты.
Депутаттар жұмыс тобында ұсыныс жасап «бірінші кезектегі құқық» бойынша тізімді қалдырды, халықтың әлеуметтік осал топтарының санатын төрттен – алтыға дейін кеңейтті. Бұл нормалар «бөлінетін жыл аясында беруді»көзделіп отыр.
Анықтама:
4 санат болды (ардагерлер; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; көпбалалы аналар; көпбалалы отбасылар).
2 санатқакеңейтілді(мүгедек балалары бар отбасылар; 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар).
Екіншіден, заң жобасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді «меншікке өтеусіз алуға»қолданыстағы құқықты алып тастауды ұсынады. Бүгінгі таңда мұндай құқыққа 11 санат ие.
Жұмыс тобында депутаттар 11 санаттағы «өтеусіз жекешелендіру» бойынша қолданыстағы құқықты қалдырды.
Анықтама:
Соғыс ардагерлері; 1 және 2 топтағы мүгедектер; қызметте қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелері; ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтар және т.б.
Депутаттардың барлық осы ұсыныстырын Үкімет қолдады.
Үшіншіден, Заң жобасында әскери қызметті атқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде, сондай-ақ адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасын бір жыл ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылды.
Төртіншіден, Үкіметтік заң жобасы аясында Отбасы банкі ұлттық институты ретінде, азматтарды есепке қою мен тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі функциялары енгізілген. Және де «Тұрғын үймен қамтамыз ету орталығы» электрондық базасын құру көзделген.
Сондай ақ, депутаттар тарапынан жергілікті әкімдіктерде азаматтарды есепке қою туралы мониторинг жүргізу құқығы бекітілді.
Осы және де заң жобасының негізі бағыттары туралы Министр Шарлапаев Қанат Бисимбаұлы айтып өтті.
Заң жобасы бойынша 379 түзету келіп түсті. Олар жұмыс тобының он тоғыз отырысында,Комитеттің кеңейтілген отырысындақаралды.
Парламент Мәжілісінің барлық комитеті заң жобасы бойынша қорытындыларын берді.
Құрметті депутаттар!
Осы айтылғандарға байланысты, Заң жобасын бірінші оқылымда қолдауларыңызды сұраймыз.
Жұмыс тобы Заң жобасын екінші оқылымға дайындау шеңберінде өз жұмысын жалғастырады.
Рақмет.
(Заң жобасында 23 заңнамалық актіге, оның ішінде 4 кодекс пен 19 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.)