Тұмашинов
Ұлықбек
Шабданұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Рес

2023 жылдың 20   сәуірінде   Мәжілістің Экономикалық реформа   және  өңірлік даму Комитетінің басты  Заң жобаларының бірі- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша тұсаукесер болып өтті.

Бұл Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Төребаев Қайрат Қалмұқаметұлы жан-жақты  баяндама жасады.

Заң жобасының мақсаты мен міндеті - экспорттық несие агенттігінің ерекше құқықтық мәртебесін құруға бағытталған.

Жалпы  тұсаукесер сұрақ-жауап форматында өтті.

Мен  өз кезегімде  келесі мәтінде сұрақ қойдым:

         «Заң жобасына сәйкес, экспорттаушыларды сақтандыру тұрғысында қолдау екінші деңгейлі банктердің тәуекелдерін төмендетуге бағытталатын болады. Өйткені олар өз талаптарын кәсіпкерлерге ұсынады және ешбір жағдайда бұл талаптарды өзгерткісі келмейді. Мемлекет тағы да банктердің жағдайына бейімделуге мәжбүр болып отыр. Кәсіпкерлікті, оның ішінде экспорттық қызметті қолдауға банктердің жауапкершілігін арттыру мен тартуға қатысты министрлік тарапынан қандай жұмыстар атқарылды? 

         Өз  кезегінде  вице-министр және  «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ өкілі  толықтай жауап  берді.

         Осылайша  Комитеттің Заң бойынша тұсаукесері  нәтижелі түрде өз жұмысын аяқтады.






«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі   Ұ.Тұмашынов