Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі халықпен кездесуде жиі көтерілетін мәселе.
Осыған байланысты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізді.
Уәкілетті органның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта 6295 ауылдық елді мекеннің 4900- таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Бірақ, ауыз сумен қамтамасыз етілген кейбір елді мекендерде сумен жабдықтау объектілері жұмыс істемейді.
Мысалы, көптеген облыстарда ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз етуге бюджеттен қаражат бөлінсе де, таза ауыз суға қол жеткізе алмай отырған елді мекендер де бар.
Жалпы республика бойынша 1395 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Бұл өте қиын жағдай. Су - тіршілік көзі демекші, бұл проблеманы тез арада шешуіміз керек.
Бұл орайда жергілікті атқарушы органдар сапалы, уақытылы жұмыс атқарып, сумен қамтамасыз ететін объектілердің жұмысын бақылауға алуы керек.
Аталған күрделі мәселе бойынша Комитет өз жұмысын уәкелетті органмен және жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жұмысын жалғастыратын болады.
Осылайша Комитеттің өз жұмысын нәтижелі түрде аяқтады.
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Л.Тумашинов