2023 жылдың 22 мамырында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің «Ауылдық елді мекендерді сапалы Интернетпен қамтамасыз ету» мәселесі бойынша тақырыптық отырысы болды.
Комитет отырысында еліміздегі Интернет байланысының қазіргі жағдайы, проблемалық мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.
Көптеген ауылдарда 3G байланысы болғанымен, Интернет тұрақсыз, кейде мүлдем жоқ. Ауылдық елді мекендерде тұрақты Интернетпен көбіне әкімдік, мектеп және денсаулық сақтау пункті қамтылады.
Сондықтан, Комитет депутаттары арқылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Интернет байланысын жақсарту және барлық ауылдық елді мекендерді сапалы Интернетпен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берілді. Өйткені , Интернет әр ауылда болуы қажет және әр азаматқа қол жетімді болуы керек.
Бүгінгі күні уәкілетті орган «Қолжетімді интернет» байланыс саласындағы ұлттық жобаны әзірледі оның іске асыру кезеңі 2023-2027 жж.
Осы жоба аясында жыл сайын 3 мың базалық станция орнату жоспарлануда.