Құрметті әріптестер!
Бүгінгі тақырыпқа байланысты біраз құлаққағыс.
1 мамыр 2023 жылдың деректері бойынша елімізде мүгедек адамдардың саны -711800, соның ішінде-420 000 адамы жұмысқа жарамды жаста -59%, 187500 адам зейнеткерлік жаста, 104300-26,3% он сегізге толмаған жастар -14%.
2023 жылдың 1 мамыр айында мүгедектікке байланысты жәрдемақы алатын адамдар саны -533 000, жәрдемақының мөлшері -58706 теңге, барлық сомасы -31 млрд 300 млн теңге.
1 мамырдерегі бойынша мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы саны -101 000 адам. 23 млрд 300 млн. тенге (жәрдемақы көлемі -56739).
Жергілікті басқару органдары оларды есепке қойып, кезек бойынша тұрғын үй береді.
Бүгінгі таңда 25096 азамат мүгедектігі бар және мүгедек бала тәрбиелеп отыр.
Бұл категория «Бақытты отбасы» бағдарламасына кіреді. 2% 10- 50% арендалық субсидия алуына мүмкіндігі бар. Оған жергілікті басқару органдары қолайлы жағдай жасауға тиісті.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша барлық өңірлерде сатып алу құқығынсыз 2017 жылдан бастап 312 млрд 847 млн теңгеге -39 000 арендада тұруға пәтер салынған. 11 категория бойынша бұл пәтерлер әкімшіліктің балансында, бар шығынды жергілікті бюджет өз мойнынына алған. (Астана қаласы бойынша соңғы 3 жылда -401 млн теңгені құраған).
Сондықтан халықтың әлеуметтік осал тобына жекешелендіруді осы Заң аясында кіргізсек, онда орта есеппен 156 млрд. теңге қайту керек. Бұл дегенимиз 50% тағы да -12 мың пәтер.
Ұсыныс:
Ертең қабылдайтын «Ұрланған ақшаны қайтару туралы» Заңға осы категорияларға кіретін адамдарға қайтадан кезекке тұрмаулары үшін сол сомадан арзан үйлер салу, жекешелендірудің механизмін 5-10 жылдан қарастыру керек,