Тұмашинов
Ұлықбек
Шабданұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитеттің кеңейтілген отырысы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Астанада  (Қазақстан Республикасы) Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының  Еуропалық өңірлік  комитетінің жетпіс үшінші сессиясын ұйымдастыру  туралы келісімді ратификациялау туралы»  Қазақстан Республикасының  Заңының  жобасы бойынша ақпарат

Құрметті Төраға, құрметті  әріптестер!

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Астанада  (Қазақстан Республикасы) Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының  Еуропалық өңірлік  комитетінің жетпіс үшінші сессиясын ұйымдастыру  туралы келісімге (бұдан әрі –Келісім)  2023 жылғы  23 мамырда Женевада қол қойылды.

Келісімнің мақсаты 2023 24-26 қазан  аралығында  Астана  қаласында (Қазақстан Республикасы) Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының  Еуропалық өңірлік  комитетінің жетпіс үшінші сессиясын  (бұдан әрі –ЕӨК -73) өткізу болып табылады.

ЕӨК -73 барысында Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының   еуропалық  өңірі  үшін  өзекті  денсаулық сақтау, оның ішінде орнықты  даму  саласындағы  мақсаттарға  қол жеткізу,  инфекциялық және инфекциялық емес  аурулармен күрес, денсаулық сақтау  саласындағы  төтенше   жағдайларға  ден қою,  өңірлік  стратегиялардықалыптастыру  мәселелерін және т.б. талқылау  көзделеді.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынң  бас директоры Т. Гебрейесустың  ұсынысы бойынша  іс-шара аясында Алматы  декларациясы  қабылдануының 45 жылдығына  және  Медициналық-санитарлық алғашқы  көмек  бойынша  Астана  декларациясы  қабылдануының 5 жылдығына арналған Жаһпндық медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша  конференцияны өткізу  жоспарлануда.

«Қазақстан Республикасының  халықаралық  шарттары туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 11-бабының 5)  және 9) тармақшаларына  сәйкес  Келісім ратификациялануға жатады.

Аталған Келісімді ратификацияланған  кезде оны  іске асыру теріс   әлеуметтік-экономикалық және құқықтық  салдарға  әкеп   соқтырмайды.

         Осы Заң жобасы бойынша Комитеттің қорытындысы Сіздерге таратылды. Қорытынды ескертулер мен ұсыныссыз.

Қолдауларыңызды сұраймын.    

  Рахмет.