Құрметті Нұртай Салихұлы!
Құрметті әріптестер!
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды жәнеЕуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдану жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттамаға (бұдан әрі – хаттама), 2023 жылғы 25 мамырда Мәскеу қаласында қол қойылған.
Хаттамамен Қырғыз Республикасы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен Еуразиялық экономикалық Одақ құқығын құрайтын актілердің талаптарына сәйкес өткізу пункттерін жаңғыртуды жүргізу мерзімін Хаттама күшіне енген күннен бастап 108 айға дейін ұзарту ұсынылады.
Осы Хаттаманы іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Осы заң жобасын ескертусіз қолдауды және одан әрі жұмыс істеу үшін бас комитетке жіберуді ұсынамын.
Назарларыңызға рақмет.