2023 жылғы 03 мамырда жарияланды
Қазақстан РеспубликасЫ
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Р.В.Склярға
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Роман Васильевич!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламентте сөйлеген сөзінде ұлттық қауіпсіздігімізді нығайту аясында, шекаралық аймақтарды дамытудың нақты шараларын қарастыру тиіс деп атап өтті.
«AMANAT» партиясы шекаралық аудандарың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жүйелі шешу керек деп есептейді!
Осыған орай, халықты тұрақтандыру, ынталандыру есебінде еңбек етіп жүрген азаматтар мен азаматшалардың жалақыларына аудандық 1,5 деген қосымша коэффициент қосу маңызды.
Аталған адамдардың еңбек өтілінің 1 жылы 1,5 болып саналуын қарастыру қажет.
Тек осындай шаралардың арқасында жетіспей тұрған - дәрігер, ұстаз, мал дәрігерлері, агроном тағы да басқа жас мамандардың сол аймақтарда тұрақтануына стимул жасауға болады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқтырма су қоймасының үстінен көпір салуға тікелей тапсырма берді.
Бұл көпір, Ертіс өзенінің арғы жағында орналасқан бес шекаралық аудан: Күршім, Қатон Қарағай, Марқакөл, Зайсан, Тарбағатай халқының өмір бойғы арманы.
Көпір құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр, бірақ биылғы жылға бөлінген қаржының көлемі 4 мллрд. теңгені құрайды. Ол дегеніміз – қажетті қаржының оннан бірі ғана.
Бұл халыққа аса маңызды, қажетті, күрделі құрылыс нысанын Үкімет тарапынан осылай қаржыландыратын болса, Президенттің тапсырмасы ондаған жылдарға созылып кетеді.
Ол кезде айтылған шекаралық бес ауданда тұратын халықтың қалмауы да мүмкін.
Осы мәселені жедел шешудің тетіктері қажет!
Жауапты «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына сәйкес белгіленген мерзімде беруіңізді сұраймын.
.
Құрметпен,
«AMANAT» Партиясы
Фракциясының мүшелері
Ұ. Тұмашинов
Орынд. К.Камысбаева
74-62-45