Тұмашинов
Ұлықбек
Шабданұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярға (өзен қатынасын қалпына келтіру туралы )

2023 жылғы 27 қыркүйекте жарияланған

Қазақстан Республикасы

 Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

Р.В.Склярға 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Роман Васильевич!

Үшінші елдермен, әсіресе Қытай Халық Республикасымен сыртқы сауданың транзиттік әлеуетін дамыту үшін жаңа көлік бағыттарын салу мәселесінің маңыздылығын бәрі жақсы түсінеді.

Мемлекет басшысының жолдауында біз еліміздің географиялық орналасуын өз артықшылығымызға айналдыруымыз керектігі атап өтілді.

Шығыс Қазақстан облысынан депутат ретінде өзен кеме қатынасын қалпына келтіруді, Қытай Халық Республикасының Қара Ертісінен Ертіс пен Обь бойымен Обь шығанағына дейін және бүкіл Сібір аймағы  Солтүстік  Мұзды мұхитқа дейінгі ескі су жолын қосуды ұсынамын.

Бұған біраз уақыт бұрын Ново-Шүлбі ГЭС-інің аяқталмаған шлюз бөлігі кедергі келтірген болатын.  Бүгінде шлюз бөлімі пайдалануға беріліп, жұмыс істеп тұр, өзен кемелерінің өтуіне еш кедергі жоқ. Пристандардың, айлақтардың жағалау құрылыстарының инфрақұрылымы сақталған.

Бар болғаны, Ресей Федерациясы жағынан Ертіс өзенінің түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, өзен фарватерлерін жербеті снарядтармен тазартып,                3 мың тоннаға дейінгі кемелер өте алатындай учаскелерді белгілеу керек.

Су көлігі ең арзан көліктердің бірі екенін ескерсек, бұл трансшекаралық альтернативті жобаны мүмкіндігінше тезірек жүзеге асыруға бізге не кедергі? Оның мультипликативті әсері айқын.

Оның үстіне үлкен қаржылық шығындар қажет емес. Өңірлеріміздің экономикалық дамуына серпін беретін барлық логистикалық, кедендік және әкімшілік кедергілерді ретке келтіру, сондай-ақ жүктердің жылдам өтуін жеңілдетеді және Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасы арқылы Ресей Федерациясының Сібір аймағына  өтетін қысқа көлік бағытын ашады.

 Жақында өткен  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының ынтымақтастығы жөніндегі палатааралық парламенттік комиссияның отырысында көтерілген мәселені Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаттары мақұлдай отырып қабылдады.

Ал Ертіс су айдынында орналасқан өңірлерді дамытуға келетін болсақ, бұл Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстары үшін өте үлкен перспектива болмақ.

Семей қаласындағы теңіз мектебін және Прибрежное кентіндегі кеме жөндеу зауытын қалпына келтіру орынды деп есептейміз. Бұл дегеніміз  жұмыс орындары мен жергілікті мамандар. Қолда бар кемелерді де ретке келтіру керек. Батыс Қазақстан облысының Орал кеме жасау зауытында заманауи өзен кемелерін жасау. Ресейде кемелерге тапсырыс беру және жүк ағынын көбейту.

Су арқылы тасымалданатын жүктердің тізімі шектелмейтінін бәрі біледі. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдері, құрылыс материалдары, металлургиялық өнімдер, халық тұтынатын тауарлар және т.б.

Біз, «AMANAT» партиясының депутаттары, біздің жаңа Көлік министрлігіне өзен қатынасын қалпына келтірудің жол картасын жасауды ұсынамыз.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламент Мәжілісінің депутаттары,

«AMANAT»  Партиясы фракциясының мүшелері

 

Ұ. Тұмашинов

Н. Сабильянов

Е. Саиров

Д. Тұрғанов

А. Құспан

С. Пономарев

Р. Қожасбаев

М. Толықбаев

 

Орынд. К.Камысбаева

74-62-45