Тұмашинов
Ұлықбек
Шабданұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. В. Склярға

2024 жылғы 14 ақпанда  жарияланды               

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары

Р. В. Склярға

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті  Роман Васильевич!

        

Елімізде көктем түспей тұрып, көптеген аймақтарда тасқын жүру қаупі бар!

Биыл Қазақстан аймақтарында ерекше климаттық ауытқу болып тұр. Бір жерде қар апталап жауып тұрса, бір жерлерде «ескек»  жел соғып,  тасқын болып жатыр.

Жыл сайын болатын су тасқындары азаматтарымыздың өмірі мен мүлкіне қауіп төндіріп қана қоймай, отандастарымыздың моральдық-психологиялық деңгейіне де кері әсер етуде!

Өткен жылы көктем кезінде Ақтөбе, Атырау облыстарында тасқын болып, біздің сайлаушылардың әбігерін шығарған болатын.

«AMANAT» партиясы зардап шеккен тұрғындарға құрылыс материалдарымен көмек көрсетті!

Адамгершілікпен өзара көмектесу әрбір азаматтың парызы деп білеміз.

Биыл су тасқындары Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстан, Ақтөбе облыстарында болуы ықтимал.

Еліміздің азаматтары тағы да қиын-қыстау жағдайда қалмауы керек.

 «AMANAT» Фракциясы су тасқынына қарсы келесі шараларды Үкімет шұғыл қабылдауы қажет деп есептейді:

1.  Еліміздің барлық аумағында Су тасқыны қаупі бар жерлердің картасын   жасау.

2.  Халыққа тасқын, сел қаупі жөнінде дер кезінде хабар беру жүйесін тексеру.

3. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару қызметтерінің азаматтарды дер кезінде қауіпті жерлерден алып шығу қабілетін қазірден қадағалап тексеру!

4. Су тасқыны қаупі бар жерлердің барлығында тасқыннан қорғайтын дамбалар, контррегуляторлар, су өтетін көпірлердің астарын  тазалау аса маңызды.

Ең бастысы, көктем кезінде «аяқ астынан» тасқын болып, тағы да біздің азаматтар зардап шегіп жүрмесін!

         Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламент Мәжілісінің депутаты,

«AMANAT» Партиясы

 Фракциясының мүшелері

Ұ. Тұмашинов

Е.Саиров

Орынд. К.Камысбаева

 74-62-45