Қызылқоға ауданының Миялы ауылында азаматтарды қабылдау өткіздім. Тұрғындар өздерінің жеке сұрақтарымен келді. Бірақ, әрбір сұрақтың артында, өкінішке орай, бір емес, бірнеше отбасын толғандыратын күрделі мәселелер жатыр.
Бұл, ең алдымен, жұмыспен қамту мәселелері. Әрине, жастардың жұмыс беруші ұсынған жалақыға көңілі толмайтын жағдайлар бар, бірақ, жалпы ауданда халықты жұмыспен қамту жұмысын күшейту керек деп есептеймін. Қазір жұмыстың әртүрлі нысандары бар, соның ішінде, платформалық. Тұрғындар қай бағытта оқуға болатындығы, қандай тегін курстар бар екенін, соның ішінде онлайн түрде бары туралы көп біле қоймайды. Жергілікті билік халықты жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы хабардар етуді арттыруы керек деп есептеймін. Тағы бір мәселе – тұрғын үймен қамтамасыз ету, атап айтқанда, апатты үйлерден көшіру. Бұл тармақ «АМАNАТ» партиясының маңызды сайлауалды бағдарламаларының бірі болып табылады. Тұрғын үй саясаты туралы заң жобасы аясында бұл мәселені пысықтайтын боламыз.