Тұрлыханов
Дәулет
Болатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің

Депутатқа хат
Астана қаласындағы Өндіріс тұрғын алыбына темір жол өткелдері мен жол айрықтар салу

депутат

ДС-65 13.04.23

12.04.2023 ж. жарияланды                                     

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

бірінші орынбасары

Р.В. Склярға

Астана қаласының әкімі

Ж.М. Қасымбекке

Депутаттық сауал

Құрметті Роман Васильевич!

Құрметті Жеңіс Махмудұлы!

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен жүргенімізде Астана қаласының көп жерлерін араладық, шешілуі қажет проблемаларды көріп таныстық. Солардың бірі –  «Өндіріс» тұрғын алабы тұрғындарының көптеген жылдар бойы теміржол өткелінде көлік құралдарының кептелісте тұру проблемалары. Маневрлік жұмыстың үлкен көлеміне, жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысына байланысты станцияның жұп сан жағы паркінде локомотив депосынан Өндіріс тұрғын алабына дейін поездар құрамдары жолдарда тоқтап, ұзақ уақыт тұратын кездер болады.  

Нәтижесінде, жергілікті тұрғындар бала-бақшаға баратын балалар, мектепке баратын оқушылар, студенттер, жұмысқа асыққан азаматтар, тіпті қариялар жыл бойында, аязды-боранды, аптап ыстықта, денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, вагондардың астынан өтуге мәжбүр болады.

Сонымен қатар, өкінішке орай, теміржолда көлік апаттары жиі орын алады. Айналма жолдың болмауы жедел қызметтердің жұмысын қиындатады. Әсіресе, өрт сөндіру, жедел жәрдем, полияция  қызметкерлері көмекке дер кезінде жете алмайды.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше қазіргі уақытта Конституция көшесінен Угольная жолағына дейінгі шағын айналма жолдың 4 учаскесін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Осы жоба аясында Угольная жолағы мен Ш.Бейсеков көшесінің қиылысында көлік айрығын, Ақжол көшесінен Конституция көшесіне дейін Ш. Бейсеков көшесі бойынша теміржол арқылы өтетін жол өтпесін, Ш. Бейсеков көшесі мен Конституция көшесінің қиылысында көлік айрығын салу көзделген.

Алайда, бұл жобаны қаржыландыру бөлінген және жер учаскесі толық босатылған жағдайда іске асыру жоспарланған.

         Құрметті Роман Васильевич,

Жеңіс Махмудұлы, Астана тұрғындардың қажеттіліктерін  ескере отырып, Өздеріңізден, қырық мың тұрғыны бар «Өндіріс» тұрғын алыбындағы жоғарыда аталған орындарға шағын айналма жол, көше қиылысында көлік айрықтарын, теміржол арқылы өтетін жол өтпелерін салуды жеделдетіп, 2024 жылдан қалдырмай бюджеттен қаражат бөлуді қарастыруыңызды сұраймыз.

Жауапты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде жазбаша беруді сұраймыз.

   

Құрметпен,

«AMANAT«» фракциясының мүшелері                                    Д.Б.Тұрлыханов

П.О. Казанцев

Д.Н. Тұрғанов

М.С. Башимов

ЖСДП мүшесі                                                                               Н.С. Әуесбаев

Жеке мандатты                                                                             Д.Т. Мұқаев

Орын: Байрқұлова Н.

Тел.: 746211, bairkulova@parlam.kz