Егізбаев
Серік
Рахметоллаұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Мәжілісте Қазақстан-Бельгия ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылауға қатысты

https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50115/1/1

Вице-спикер бельгиялық әріптестерін Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижелерімен таныстырды. Жаңа шақырылымның әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 30 пайыздық квотаны ескере отырып құрылғаны қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бельгия Парламенті Өкілдер палатасының мүшесі Тим Ванденпут делегация сапары мақсаттарының бірі – Қазақстан Парламентінің қызметі мен ұйымдастырылуын зерделеу екенін атап өтті. Мәжіліс Төрағасының орынбасары қонақтарға қос палатаның құрылымы мен функциялары, заң шығару қызметі мен заңдарды қабылдау барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.  Кездесу барысында тараптар экономикалық әріптестік мәселелерін де талқылады. Альберт Рау Қазақстан мен Бельгия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық бойынша Іскерлік кеңес құру туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар депутаттар достық топтары бағытында екіжақты қарым-қатынасты дамытуға келісті.