Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың VIII шақырылымның 1 сессиясының ашылуында білім беру сапасын арттыру, кәсіби кадрларды тарту қажеттілігі туралы айтылған тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 18-19 мамырда Парламент Мәжілісінің депутаттары –Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері шағын жинақты мектептердегі білім сапасының өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарын зерделеу және талқылау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысына барады.
18 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше аудандарындағы шағын жинақталған мектептерге бару жоспарлануда. Сапар барысында депутаттар педагогикалық құраммен кездесіп, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық жабдықталуымен танысады.
19 мамырда Петропавл қаласында, облыстық әкімдік ғимаратында сағат 09.00-де «Шағын жинақты мектептер: білім беру сапасы, педагог кадрлардың тапшылығын шешу және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру жобалары туралы» тақырыбында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысын өткізу жоспарлануда.
Отырысқа депутаттар, ҚР Оқу ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринова, СҚО және Ақтөбе облысының облыстық және аудандық білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері, қоғам өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысады. Сондай-ақ, қашықтан байланыс арқылы Орталық мемлекеттік органдардың, Абай, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстарының білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері қатысады.