Бүгін Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлымен кездесу өтті. Отырыс барысында, біз Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі, орта, сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың перспективалары мен міндеттерін, сонымен қатар, балалардың құқықтарын қорғау мәселесін талқыладық. Кездесу барысында мен әріптестеріммен Министрге сайлауалды кездесулердегі қарапайым халықтың мұңы мен мұқтажын жеткіздік.