Заитов
Ринат
Рифхатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
22.06.2023 ж «Масс-медиа туралы» заң жобасының призмасы арқылы медиа саласының даму тенденциялары дөңгелек үстел өтті

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Масс-медиа туралы» заң жобасының призмасы арқылы медиа саласының даму тенденциялары тақырыбында отырысы өтті. Жиынға комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов жетекшілік етті.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов әзірленген заң жобасы сөз бостандығы құқығын нығайтуға және қамтамасыз етуге бағытталған жаңа қағидаттар мен мемлекеттік кепілдіктерге негізделгенін айтты. Сондай-ақ жоба журналист мәртебесін көтеру, мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін реформалау, телерадио хабарларын таратуды дамытуға бағытталған.

Жиын барысында Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи, Аманжол Әлтаев, Жұлдыз Сүлейменова, Анас Баққожаев және Таңсәуле Серіков және Жарқынбек Амантайұлы заң жобасын әзірлеушілерге сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Өз кезегінде депутат Елнұр Бейсенбаев БАҚ өкілдеріне мәртебе беріп, баспана мәселесін шешу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.

Отырысты қорытындылаған Асхат Аймағамбетов Мәжіліс бұл заң жобаларын енді жұмысқа алғанын, алдағы жұмыс тобында заң жобаларын қарау бойынша үлкен жұмыс атқарылатынын айтып, барлығын белсенді қатысуға шақырды. Жұмыс тобына Жанарбек Әшімжан жетекшілік етеді.