Заитов
Ринат
Рифхатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
21.06.2023 жыл Жылумен жабдықтау саласындағы басқару тиімділігінің мемлекеттік аудиті туралы Жоғары аудиторлық Палатаның есебін тыңдау

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Жылумен жабдықтау саласындағы басқару тиімділігінің, тартылған қаржы қаражатын мақсатты пайдаланудың және жылу энергиясын өндіру және беру объектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындауының мемлекеттік аудиті" аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша жоғары аудиторлық Палатаның (ЖТП) бірінші есебі тыңдалды.

Баяндаманы тыңдап, депутаттар сұрақтар қойды. Мәжіліс депутаты Ринат Заиытов Энергетика министрлігінің бақылауындағы 40 кәсіпорын 2020-2022 жылдары күзгі-қысқы жұмыстарға дайындалу үшін құжаттарды мүлдем алмағанын, яғни олар өтінім бермегенін айтты. Осыған байланысты депутат Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен осы фактінің себебі және алдағы жұмыс жоспарлары туралы сұрады.