2023 ж. 31 мамырда жарияланды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрдің
бірінші орынбасары
Р.В. Склярға
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Роман Васильевич!
Менің Сізге жолдап отырған депутаттық сауалым ұрпақтың үлесін сақтауға қағылған дабыл деп қабылдауыңызды сұраймын!
Өзіңіз білетіндей еліміздегі көлдер мен өзендердегі су деңгейі соңғы жылдарда күрт төмендеп жатыр, ал осылардың себебін анықтап, алдын-алу әрекеттерін жасап жатқан жауапты органдарды өз басым әлі көрген емеспін. Сөзіме дәлел болатын көрсеткіштер Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрлігінде толықтай бар. Ал енді, осы мәселе бойынша жергілікті халықтың алаңдап шыққан ащы дауысын естіп жатқан ешкім жоқ па?
Тілге тиек ететін болсам, Шығыс Қазақстан облысындағы Маралды ауылының маңынан бірнеше талаптарды өрескел бұзып, жұмыс жүргізгелі жатқан алтын өндіруші фабрикаларын салуға жергілікті халықтың қарсылығын неге естімейміз.
Абай облысындағы Аягөз өзені су деңгейінің 2018 жылмен 2022 жылдар аралығындағы жоғарғы көрсеткіші Балтық жүйесі бойынша 558 см-ден 162-смге төмендеуіне не себеп. Бұған да жауап бере алатындарыңызға күмәнім бар. Өйткені, Аягөз ауданында эколог маманы да жоқ.
Құрметті Роман Васильевич! Аталған дәлелдерді алға тарта отырып, Сізден:
Депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жауап берулеріңізді сұраймын.
Құрметпен,
Парламент Мәжілісі депутаттары
Р. Заитов
Е. Бапи
Д. Мұқаев
Н. Сабильянов
М. Толықбаев