Зейнуллин
Аян
Талғатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Отандық ғылымды дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағаты

Image title

Отандық ғылымды дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағаты

Ү.ж. 17 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде отандық ғылымды дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағаты өтіп, оған депутат, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі А.Зейнуллин қатысты. Мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жөнінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады.  

Министр елімізде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстармен айналысатын 414 ұйым мен 22 мыңнан астам кадр бар екенін атап өтті. Саланы қаржыландыру соңғы үш жылда 3 есеге артқан. Саладағы проблемаларды шешу үшін Үкімет отандық ғылым мен кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған қажетті стратегиялық құжаттарды қабылдаған.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ғылым мен білім саласында жылдам жеңіске жетудің күрделі екенін айтып, бұл орайда жаңа министрліктің бастамалары мен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауды талқылау маңызды екеніне назар аударды. Сондай-ақ отандық ғылымды көтеру және одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсынысын жеткізді.

Үкімет сағатының тақырыбын жан-жақты талқылау кезінде мәжілісмендер бірқатар түйткілді мәселені көтерді. Парламент депутаттарының осы және өзге де сұрақтарына отырысқа шақырылған мемлекеттік органдар өкілдері жауап берді.

Жиында көтерілген ғылымды дамыту мәселелер бойынша ұсыныстар Үкіметке жолданатын болады.