Зейнуллин
Аян
Талғатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЕЛДЕ ТҰҚЫМ ТАПШЫЛЫҒЫ ТУЫНДАУЫ МҮМКІН

ЕЛДЕ ТҰҚЫМ ТАПШЫЛЫҒЫ ТУЫНДАУЫ МҮМКІН

Бүгінде астық алқаптарының 28%-і ғана орылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтырғы көрсеткіштен 2 есе төмен.

Жаз бойы құрғақшылықтан титықтаған шаруалар егін жинау қызатын шақта жауыннан көз аша алмай отыр.

Мәжіліс отырысында диқаншылардың жанайқайын депутат Аян Зейнуллин жеткізді. Елде 5 жылда тұқым өндірісі айтарлықтай кеміді. Ол аздай тұқым шаруашылығымен айналысатын ғылыми орталықтарда ұрлық-қарлық етек алған. Оның үстіне қаржылай қолдау да мардымсыз. Ғылыми мекемелер жан бағу үшін пайдасы көбірек өзге дақылдарды егуге мәжбүр, - дейді ол.

Аян Зейнуллин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Азық-түлік келісімшарт корпорациясында жатқан 362 мың тонна астық тауарлық бағытта, тұқым ретінде пайдаланып жатсақ, сапасы төмен болады. Шаруашылықтардың оны екпейтіні белгілі. Қиын-қыстауда дән сатып алатын көршіміз Ресейдегі жағдай да мәз емес. Олар өздеріндегі проблемалардың алдын алу үшін экспортқа тұқым шығаруды шектеуі мүмкін.


 https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/617480-elde-t-ym-tapshyly-y-tuyndauy-m-mkin