Зейнуллин
Аян
Талғатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Облысқа жұмыс сапарымен мәжілісмен Аян Зейнуллин келді

Облысқа жұмыс сапарымен мәжілісмен Аян Зейнуллин келді

Парламент депутаттары енді 1-қыркүйекке дейін демалыста болады. Олар осы екі айдың ішінде өңірлерді аралап, сайлаушылармен кездесуі тиіс. Бүгін облысымызға «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Аян Зейнуллин жұмыс сапарымен келді. Солтүстікқазақстандықтармен кездесуде депутат бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады.


Облысқа жұмыс сапарымен келген Аян Зейнуллин ең алдымен «Ауыл» партиясының мүшелерімен және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесті. Қатысушылар өңірдегі өзекті мәселелерді айтып, оны шешудегі өз ұсыныстарын айтты.


 АЯН ЗЕЙНУЛЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

-  Біз бұл мәселелердің барлығын тыңдап, шешуге тырысамыз. Біз облыстарды жылына бір рет қана араламаймыз. Әрбір облыс, аудан, қалалардағы филилалдармен тығыз байланыста боламыз. Сіздердің көтеріп отырған мәселелеріңіздің шешімін табуға тырысамыз. Және 1-ші қыркүйектен бастап тез арада іске кірісеміз.


 Жиында фермерлерге көмектесіп, ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау және жалпы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру сынды мәселелер көтерілді. «Ауыл» партиясы 20 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Алайда биыл алғаш рет Парламент мәжілісіне кандидарутасын ұсынды. Бұл партияға 3 мыңнан астам солтүстікқазақстандық мүшелік етеді. Олардың қатарында облыстық мәслихат депутаты Ольга Клишина да бар.


ОЛЬГА КЛИШИНА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- Көптеген сұрақтар қойылды. Денсаулық сақтау, білім, ғылым, су тақырыптары көтерілді. Бүгінгі таңда бұл тақырыптар өте өзекті деп санаймын. Тұрғындармен кездесуде мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар да айтылды. Парламент Мәжілісінің депутаты бізге уәде еткендей мұндай кездесулер елімізде жиі болып тұрады деп ойлаймын. Жиында айтылған мәселелер ескеріледі деп үміттенемін.


 Жиын соңында бірқатар партия мүшелері Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Аян Зейнуллиннің жұмыс сапары облыс аудандарында жалғасады.


Жансая Қайыпова


https://qyzyljartv.kz/kz/news/40490