Зейнуллин
Аян
Талғатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
СҚО іссапары аясында Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин бірқатар кездесулер өткізді

СҚО іссапары аясында Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин бірқатар кездесулер өткізді

Өңірдің жылыту маусымындағы ахуалы да «Ауыл» назарында. Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин «Жылу электр станциясы» және «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС  жұмысымен танысты. 

Бүгінгі күні жылыту маусымында ЖЭС штаттық режимде жұмыс жасап тұр. ЖЭС басшылығы тарапынан көмір жеткізу бойынша ҚТЖ вагон мәселесін шешуде көмек қолын созуды сұрады.

Сонымен қатар, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС  бүгінгі күні «Электр энергетик, Электр техникалық» мамандарының тапшылығы бар екендігін жеткізді. 

СҚО іссапар барысында Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин партия филиалының белсенділерімен кездесті. Кездесуде «Ауыл» партиясы фракциясының жұмысына тоқталған Аян Талғатұлы фракция депутаттарының бастамасымен Агробанк құру мәселесі Үкімет деңгейінде қарастырылып жатқанын айта келе, бүгінгі күнге дейін 160 астам заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жасалғанын жеткізді. 

Сондай-ақ, іссапар аясында Аян Талғатұлы қоғамдық қабылдау өткізді.

https://auyl.kz/new/894/

Image title

Image title

Image title

Image title

Image title