Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин СҚО аралауда
Бұл күндері ҚР Парламенті депутаттары өңірлерді аралап жүр. «Ауыл» партиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин Солтүстік Қазақстан облысына барды. Қызылжар ауданының Якорь ауылында орналасқан «Фирма Алекри» ЖШС құс фабрикасының тыныс-тіршілігімен танысты. Ол -толыққанды жұмыс істеп тұрған еліміздегі ең ірі құс фабрикаларының бірі. Кәсіпорында 6 өндірістік цех бар. Онда 400 мыңнан астам голланд тұқымды тауықтар өсірілуде. «Фирма Алекри» ЖШС құс фабрикасыжылына 150 млн. дана жұмыртқа және 300 тонна тауық етін өндіреді.
Бұл күні Аян Зейнуллин «Казтехмаш» машина жасау зауытында болды, «Загот-Интер» ет өңдеу кәсіпорны жұмысымен танысты.
Іссапар аясында ертең өңірлік партия активімен кездесу жоспарланып отыр.
https://auyl.kz/new/886/