Ү.ж. 26 сәуір күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс – шараға депутаттар - Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері, ZOOM-байланыс арқылы ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ депутат А.Зейнуллин қатысты.
Осы тақырып бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы М.Теміржанов, Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Икан ауылдық округінің әкімі Д.Саитов, Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндыз ауылдық округінің әкімі А. Сыздықов, сондай - ақ қосымша баяндамашыретінде - Парламент Мәжілісінің депутаты Н. Әшімбетов баяндама жасады.
Мысал ретінде 2022-2023 жылдарға арналған Осакаров ауданының жерінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі бекітілген жоспар қарастырылды.
Дөңгелек үстел сындарлы диалогта өтті, онда есептер тыңдалды, сұрақтар қойылды, жауаптар алынды және одан әрі жұмыс атқару мақсатында нақты ұсыныстар берілді.