Зейнуллин
Аян
Талғатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы»

А.ж. 4 мамырында депутат А. Зейнуллин «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» атты тақырыпта өткен Аграрлық комитеттің тақырыптық отырысына қатысты.

Аталған іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы АӨК тұжырымдамасы Мемлекет басшысының жаңа тапсырмаларын ескере отырып түзетілді және оған 2025 жылға дейін АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаның индикаторлары мен іс-шаралары интеграцияланды.

Тұжырымдама мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында және БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған саланы дамытудың 10 жылға арналған пайымын айқындайтын құжат болып табылады.

Тұжырымдамаға елдің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттары мен міндеттері ыдыратылды.

АӨК тұжырымдамасы ағымдағы ахуалды, сала проблемаларын талдауды, халықаралық тәжірибеге шолуды, саланы дамытудың үрдістері мен пайымын қамтиды, саланы дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін, күтілетін нәтижелерді, сондай-ақ тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын айқындайды.