Зейнуллин
Аян
Талғатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы»

Image title

Ү.ж. 24 қараша күні Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді.

Жұмыс тобының жетекшісі депутат А.Зейнуллин, құрамына басқа да комитет депутаттары қатысты. Талқыланатын заң жобасына жауапты Су ресурстары және ирригация министрлігінен Бекнияз Болат Қабыкенұлы - бірінші вице-министр.  

Одан бөлек жұмыс тобының құрамына Экология және табиғи ресурстар, Сыртқы істер, Энергетика, Төтенше жағдайлар, Әділет, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кірді.

Кейбір мемлекеттік органдар онлайн форматта қосылды.

Жұмыс тобының отырысында баяндама тыңдалып, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алынды.

Ендігі кезекте аталған заң жобасы Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысында талқыланып, одан кейін пленарлық отырысқа шығарылатын болады.