Қаржы министрлігінің байланыс және ситуациялық орталықтарының жұмысы және басқа да ITжобалары таныстырылды. Кездесу барысында Қаржы вице-министрі Э.Қазғанбаев E-Salyq-Azamat, E-Salyq-Business платформалары мен мемлекеттік сатып алу порталы туралы айтып берді. Жиын қатысушылары бюджеттік процесс саласындағы ақпараттандыруды жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ Қаржы министрлігінің жүйелерін бизнес өкілдері мен жұртшылыққа қолайлы болу үшін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды. «Электрондық қаржы орталығы» АҚ – бюджеттік процесс саласындағы мемлекеттік органдар жүйелерін ақпараттандыруда жетекші мамандандырылған ұйым.