Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Алғашқы кездесуіміз Сырдария ауданында

Құрметті достар!

📍ҚР Парламент Мәжілісі Бюросының қаулысына сәйкес Мәжіліс депутаттары өңірлерге сайлаушылармен кездесу үшін іс-сапарымыз басталды.

❗️Осы мақсатпен кеше туған елге – Сыр өңіріне келіп, халықпен кездесу үшін ауылдарды аралауға шықтық. Бұған дейін көтерілген мәселелер мен атқарылған жұмыстарды ой елегінен өткізіп, алдағы жоспарларды саралап, талап-тілектерді тыңдайтын боламыз.

🔥Алғашқы кездесуіміз Сырдария ауданында болып, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралаумен басталды.

✅Сондай-ақ, ауданға қарасты Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдарының жастар бригадасы қатарындағы еңбеккерлермен кездестік.

⏺️Сапар барысында егін даласында жұмыс істеп жатқан ауыл жастарынан құрылған еңбек бригадасымен кездесу өтті. Еңбек бригадасы 2019 жылы 15 жастың бірігуімен республикада алғашқылардың бірі болып құрылған.

🔴Бүгінде еңбек бригадалары қатарында жұмыссыз, NEET санатындағы, пробация есебінде тұратын 200-ге жуық жастар жұмыс істейді. Ауыл жастарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген. Мәселен, тегін уақытша жер беріліп, демеушілік есебінен жер жырту, егін алқабын қоршау және жанар-жағармай отынымен толыққанды қамтамасыз етілген. Ауданның еңбекқор жастары бүгінде 35 гектар картоп дақылын және 25 гектар жерге бақша дақылдарын егіп отыр.

🔵Жиында жастар бригадаларының мүшелері депутаттарға өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, сұрақтарын қойды.

✅ Ал, “Жетікөл” жастар бригадасының өкілі тұқым тыңайтқышының дер кезінде келмеуі алаңдататынын жеткізді. Мемлекеттен қолдау болса деген тілегін білдірді.

🟠 Өз тарапымыздан «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» партиялық жобалары аясында ауыл жастарына бос жатқан жерлерді тиімді игеру тұрғысынан жан-жақты қолдау көрсетілу керектігін атап өттік.

⚡️ Сонымен қатар, тұрғындар аймақ үшін маңызды энергетика бағытын көтерді.

❗️Қызылорда облысында электрмен жабдықтауға барынша көңіл бөлініп жатыр. Ең әуелі электр желілері тозығы жеткен елді мекендерде жұмыстар жүргізіледі. Бұған қатысты 2023-2025 жылдарға арналған жоспар әзірленген. Соған сәйкес, Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл ауылдарының электр желілерін жаңартуға республикалық бюджеттен 1,6 млрд теңге қарастырылған болатын. Соның шамамен 400 млн теңгесі Айдарлы ауылына бөлініп, электр желісі қайта жаңғыртудан өтті.

📍Кеше осы елді мекенге ат басын тірегеннен кейін жұмыстың қалай атқарылғанын көзімізбен көріп кеттік. Болашақта аймақта бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасуына өз тарапымыздан үлес қосатын боламыз.

📍Сырдария ауданына барған сапарымыздың аясында Аманкелді ауылы тұрғындарымен кездесу өткіздік. Оларға Парламент қабырғасында талқыланып жатқан заң жобалары туралы ақпараттарды бөлістік. Партияның сайлауалды бағдарламасы шеңберінде істеліп жатқан жұмыстардан да құлағдар еттік.

🛣️ Кездесуде ауыл тұрғындары бұған дейін шешімі табылмай келген «Қызылорда – Айдарлы» автожолының биыл жөнделгенін айтты. Ал, аталған жол партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында жөндеуден өткізілген.

🏥Бұдан бөлек, Аманкелді ауылдық емханасының базасы жаңа флюрография аппаратымен толыққанын жеткізді.

✅Сонымен қатар, Қалжан ахун, А.Тоқмағамбетов ауылдарында, Тереңөзек кентінде болдық. Мұнда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың, жөнделіп жатқан көше жолының құрылысымен таныстық. Тұрғындармен тілдестік.

📌Сапар соңында «AMANAT» партиясы аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткіздік. Азаматтармен жеке жүздесіп, ұсыныс-пікірлерін, мәселелерін тыңдадық.

❗️Партия сайлауалды бағдарламасына енген әр жобаны белсенді түрде бақылауында ұстайтын болады.