Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевпен кездесу

⚡️Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевпен кездесіп, алдағы уақытта аймақта атқарылатын жұмыстарды талқыладық.


📍Содан кейін Қызылорда қаласының сол жағалауында жаңа автовокзал мен физика-математика бағытындағы мектеп-интернат ғимараттарының іргетасын қалау рәсіміне қатыстық.


🔴Жаңа автовокзал «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолына жақын жерде, заманауи үлгіде салынады. Шаһар ажарын аша түседі, жолаушылар мен тасымалдаушыларға сапалы қызмет көрсетеді, аймақ экономикасына серпін береді деген үмітіміз зор.


📌Автовокзал пайдалануға берілсе, барлығы 55 автобус маршруты (124 рейс) ұйымдастырылады. Одан бөлек, Ташкент қаласына 1 халықаралық рейс, 46 ауданаралық, Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Жібек жолы (Черняевка), Ақтөбе және тағы басқа қалаларға 8 маршрут жолға шығады. Жаз мезгілінде күніне 3700-ден астам, қыста мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетуге ыңғайластырылып салынбақ.


❗️Аймақ басшысының қолға алған қос жобасы, шынында ауқымды. Осы қуанышты жаңалықпен мен де қызылордалықтарды құттықтағым келеді.