Бүгінгі сапарымыз Жалағаш ауданында жалғасты. Алдымен, Темірбек Жүргеновтің атымен аталатын ауылға ат басын тіредік. Мұның өзіндік себебі мен мәні бар.
Биыл есімі тек қана қазаққа ғана емес, түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлының туғанына 125 жыл.
Мерейтой аясында ауылда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Мемлекет тарапынан қолдау бар. Жергілікті кәсіпкерлер де қомақты үлес қосуда. Елді мекенде қайраткер атындағы саябақ салынып, абаттандырылып жатыр. Т.Жүргеновтің бюсті де қойылмақ.
Ауылға әлі де көп көңіл бөлу керек. Мәселелер бар. Оны халықпен кездескенде көз жеткіздік. Тұрғындар ұсыныстарын айтты.
Атап өтсек, ауылға газ жеткізу, 12 көшені асфальттау, 1988 жылы салынған балабақша ғимаратын күрделі жөндеу, Семей полигонын жабуға атсалысқан азаматтарға жеңілдіктер қарастыру мәселелерін көтерді.
Барлық талап-тілекті ескереміз. Парламенттегі әріптестерім Мұрат Ергешбаев, Руслан Рүстемовпен, жергілікті, орталық атқарушы органдармен бірлесіп аталған мәселелердің оң шешілуіне жұмыс істейтін боламыз.