Жалағаш аудандық мәслихат депутаттарымен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен де кездестік.
Басқосуда Парламент қабырғасында қабылданып, талқыланып жатқан заңдар туралы құлағдар еттік. Бірлесіп атқаратын жобаларды тілге тиек қылдық.
Олар да өз ұсыныстарын айтты. Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов жайлы спектакльді сахналауға қаржылай қолдау, Т.Жүргенов ауылына жаңа клуб салу, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында орналасқан шекара маңындағы ауылдардың әл-ауқатын көтеру қажеттігін қаперімізге салды.
Кездесуден кейін аудан басшысы Асқарбек Есжанов бізге ел игілігіне айналатын жұмыстармен таныстырды. Жалағашта жобалар жүйелі, жоспарлы түрде іске асып жатқанына куә болдық.