Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жалағаш ауданында тұрғындарды жеке қабылдау

✅Жалағаш ауданының орталығында қоғамдық қабылдау өткіздік.

📍Мұнда азаматтар жайылым, такси қызметі, аудандық аурухананың кәріз жүйесін жаңғырту, Жалағаш кентіндегі №31 мектеп-гимназия ғимаратын, Бұқарбай батыр ауылындағы 1977 жылы салынған мектеп ғимаратын күрделі жөндеу мәселелерін жеткізді.

📌Сондай-ақ Чернобыль АЭС апаты аумағында болған тұрғын өздеріне шипажай, оңалту орталықтарына жолдама берілгенімен, ондағы емдеу процедуралары ақылы екенін қынжылыспен айтты. Осы көмектің аясын кеңейту жағын қарастыруды ұсынды.

✍️Жалағаш ауданына жасаған сапарымызда көрген-білген, ойға түйген мәселелердің оңтайлы шешілуіне алдағы уақытта Мәжіліс депутаты ретінде өз ықпалымызды тигізуге күш саламыз.