Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қызылорда қаласына қарасты ауылда

✅Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылында ат басын тіредік. Мәдениет үйінің маңында тұрғындармен кездесу өткіздік.

📌Ауылда республикалық бюджет есебінен мәдениет үйі салынып жатыр. Алайда жоба-сметалық құжатта ғимарат дизель отынымен жылытылады деп бекітіліп кеткен. Ауыл ардагерлері нысанның жылыту қазандығын газға ауыстыруды сұрады.

📌Сонымен қатар, елді мекендегі мектеп те “соляркамен” жылытылады. Оны да газ отынға ауыстыру қажет. «Көгілдір отын» болса, ауылға келіп тұр.

❗️Талап орынды. Дизель отынына қарағанда газбен жылыту әлдеқайда тиімді. Шығын үш-төрт есе аз.

✍️Ең әуелі жоба-сметалық құжатын әзірлеу керек. Содан кейін қаржы бөлу мәселесін бақылауда ұстаймыз.

📌Бұдан бөлек, тұрғындар жер, дәрігерлік амбулатория салу мәселелерін көтерді.

✍️Ұсыныстарды қағазымызға түртіп алдық. Алдағы уақытта мәселелер қалай шешіліп жатқанын ауыл ақсақалдарына хабарлап отырамыз.