Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қызылорда қаласының Бәйтерек шағын ауданында

✅Қызылорда қаласының Бәйтерек шағын ауданында 600 орындық мектеп салынып жатыр. Бұдан көбіңіз хабардарсыздар. Құрылысы 2020 жылы басталған еді. Түрлі себеппен құрылысы созбалаңға салынды.

📍Бірақ бүгінде жұмыс қалыпты жүріп жатыр. Сонда әріптестерімізбен бірге барып, құрылысты көзімізбен көрдік.

❗️Осы жазда мектеп құрылысы аяқталып, қыркүйекте пайдалануға беріледі. Мердігермен сөйлестік, уәдесін беріп отыр.

📍Сонымен қатар, “Бәйтерек” тұрғындары үшін толғақты мәселенің бірі — қаланың орталығымен байланыстыратын, «Оң жақ магистральды» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысы. Бұл проблема да шешілуге жақын. Көпір көп кешікпей ел игілігіне беріледі. Құрылыс жұмысымен танысып қайттық.

✍️Жалпы, “Бәйтеректе” мәселе көп екенін білеміз. Қуаныштысы сол, рет-ретімен шешіліп жатыр. Көшелерге асфальт төселді. Спорт, ойын алаңдары салынды. Тағы да жарқын жобалар іске асады деп ойлаймын.