Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Сыр өңіріндегі жұмыс сапарым Шиелі ауданында

✅Сыр өңіріндегі жұмыс сапарым Шиелі ауданындағы Әбділда Тәжібаев ауылында жалғасты. Халықпен жүздесіп, тұрғындардың ұсыныс-тілегіне құлақ түрдік.

Байқағанымыз, елдің жайы орнықты. Ауылдағы ағайын тек бірнеше мәселе шешім таппағанын жеткізді.

📍Бірінші сауал елді мекенді газдандыруға байланысты болды. Өткен жылы Әбділда Тәжібев ауылын газдандыруға бюджеттен 500 млн теңге бөлінді, енді тағы қажетті 700 млн теңге бөлінсе, бұл мәселе шешілмек. Жалпы, биыл Шиелі ауданында 4 елді мекенді газдандыру жұмысы басталған.

📍Шиеліліктер ең төменгі зейнетатақы мен ең төменгі жалақы жайын да назардан шығармады. Ауыл халқы аталған бағытта сұрақ қойып, мәселенің шешілу мерзімін, қандай шара қолданылатынын сұрады.

Осы орайда айта кетерлігі, «AMANAT» партиясы ауыл халқының табысын арттыруды басты мақсат санайды. Партияның саяси тұғырнамасының алғашқы бөлігі «БАҚУАТТЫ ӨМІР, ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ» деп аталуы соның дәлелі. Сондықтан фракция депутаттары ең төменгі зейнетақы мен жалақыны көтеру, азаматтардың табысын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп, қажетті заңдардың қабылдануына түрткі болуда. Нәтижесінде келер жылдан бастап салада жаңалық болады деп айтуға негіз бар.

📌Кездесу барысында ауыл ақсақалдары шетелге кеткен ен байлықтың есебі, қайтару жолы мазалайтынын жасырмады. Бұған байланысты «Заңсыз алынған активтерді елге қайтару» туралы заң қабылданғанын, заңның қабылдануына атсалысқандардың бірі ретінде бұл істің қалай жүретінін толыққанды жеткізуге мүмкіндік туды. Яғни, активтерді қайтару үшін ведомство жасақталып, арнайы комиссия мен қор құрылатын болады. Барлық ұрланған қаржы арнайы құрылған қорға түсетінін жеткіздім. Бұдан өзге жайылымдық жер, әлеуметтік мәселер де айтылмай қалмады. Бастысы ауыл тұрғындарының қоғамдық санасы дамығаны, сауатты сауал қоя білетіні қуантты.