Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Шиелі ауданы

✅Шиелі ауданының орталығында, Байсын елді мекенінде салынып жатқан әлеуметтік нысандарды араладық.

📍Алдымен, кенттегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңында болдық. Бұған шамамен 530 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылысы аяқталып қалған екен. Мердігер («Промстроисервис» ЖШС) ғимаратты осы жылдың тамыз айында ел игілігіне береміз деп отыр.

Ғимарат кент келбетіне көрік келтіріп қана қоймай, кешенде байрақты бәсекелерде, Олимп шыңында көк Туымызды желбіретер даңқты спортшылар жаттығып шығарына сенеміз.

📍Сонымен қатар, Байсын елді мекенінде облыстық бюджет есебінен 250 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жоба құны – 937 млн теңгенің шамасы. Бас мердігер – «Авангард ПГС» ЖШС. Оқу ошағының ғимаратын қараша айына дейін тапсыруды жоспарлап отыр.

📌Әрине халық қыркүйекте балаларының жаңа білім ордасында оқығанын қалайды. Мердігерге құрылысты жеделдетіп, жаңа оқу жылына дейін аяқтауға күш салыңдар деп ескерттік. Сапа да дұрыс болуы керек. Бұл біздің бақылауымызда да болады.

📍Шиелі кентінде 4 тұрғын үй салынып жатыр. Үш қабатты үйлердің әрқайсысында 18 пәтерден бар. Бас мердігер – «Жабдықтау» ЖШС. Құрылыс 2020 жылы басталған. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаға қайта түзету енгізіліп, жергілікті бюджеттен қосымша 113 миллион қаржы қаралды. Қазір құрылыс аяқталуға жақын. Тек үйлерді газға, суға, кәріз жүйесіне қосу ғана қалған. Биыл тамыз айында пайдалануға беріледі.

✍️Әлеуметтік нысандардың құрылысы біздің, «AMANAT» партиясының ұдайы назарында, тұрақты бақылауында болады.