Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"AMANAT" партиясының Шиелі аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткіздік

✅Кеше «Аманат» партиясының Шиелі аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткіздік. Тұрғындар өздерінің талап-тілегін жеткізді.

🟠Солардың бірі — ауыз су мәселесі: қысымы төмен және 32 шақырым екінші желісін тарту керек Жиделі топтық су торабына. Экология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитетіне, «Қазсушар» мекемесіне осы жағдайды жеткізуді,шешіп беруді сұрады.

🟠Сонымен қатар, Ақмая елді мекенінің тұрғындары өздері тұрып жатқан жерлерді (үйлерді, әлеуметтік нысандарды) ыза су басып кететінін айтып, дренажды насос жүйесі орнатылса деген тілегін жеткізді.

🟠Ал мыңнан аса тұрғыны бар Тұрғанбай датқа ауылының адамдары елді мекенге баратын 15 шақырымдық жолды салып беру мәселесін қаперімізге салды.

🟠Тағы бір азамат Шиелі ауданында тау етегінен балалар тынығу лагерін салу мәселесін көтерді.

✍️Қоғамдық қабылдауда айтылған түйткілдерді зерделеп, шешілуіне барынша атсалысатын боламыз.