Жайымбетов
Мархабат
Жайымбетұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Арал ауданына қарасты Сапақ ауылында

Арал ауданына қарасты Сапақ ауылына ат басын бұрдық. Елді мекендегі осыдан жиырма жыл бұрын асар әдісімен салынған №69 орта мектебінің ғимаратында болып, жағдайымен таныстық. 60 балаға шақталған оқу ошағы заман талабына сай келмейді. Ауыл ақсақалдарымен, тұрғындарымен тілдестік. Олар Сапаққа 100 орындық мектеп салу мәселесін көтерді. Жобалық-сметалық құжаты дайын. Тек қаржы көзін қарастыруды сұрады. Қазіргі таңда ауылдағы мектепте 118 оқушы білім алады. Сондықтан тұрғындардың тілегі орынды.

Сапақ ауылдық округіне қарайтын Көктем елді мекені бар. Сол ауылдың үлкендері де кездесуге келген болатын. Олардың айтуынша, былтыр Көктемде су жүйесінің құрылысы басталған. Жобаның құны – 298,5 млн теңге. Бас мердігер – «Корпорация Алем-құрылыс» ЖШС. Алайда әлі күнге дейін құрылыс аяқталған жоқ. Қазір мұнда су айдау стансасының насос құрылғысы орнатылып жатыр. Ел игілігіне беретін мерзімі өтіп кетті. Ауыл ақсақалдары осы су жүйесінің құрылысын ұзаққа создырмай, тезірек аяқтауға ықпал етуді сұрады.