Төретам кенті мен Ақай ауылында болдым. Екі елді мекенде газдандыру жұмысы қарқын алған.
Кентте 80 пайыз жұмыс аяқталған, мердігер мекеме қазан айында газды іске қосуға күш салып жатыр. Ал Ақайда газдандыру жұмыстары 95 пайыз бітіп тұр. Мердігер бір айдың ішінде қосуға әзір екенін айтуда. Жылу беру маусымына дейін Төретам мен Ақайға «көгілдір отын» беріледі деген сөз.
Тұрғындардың тілегі де осы. Кездесу кезінде олар қысқа қалмай, үйлеріне газ кіргізгісі келетіндерін жеткізді. Сонымен бірге, Ақай елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп, көшелеріне асфальт төселіп жатыр. Халықтың қолайлы өмір сүруіне жасалып жатқан оң істердің ойдағыдай орындалуын назарда ұстайтын боламыз.